№ 05 Х А Т Т А М А С Ы » Е.Сыпатаев атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2019

№ 05 Х А Т Т А М А С Ы

 Панфилов  ауданының  «Е.Сыпатаев 

атындағы орта мектеп мектепке дейінгі 

шағын орталығымен» коммуналыдық мемлекеттік мекемесі

     2019 жылдың 24 мамырында өткізілген қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының 

№ 05  Х А Т Т А М А С Ы

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі – 5

Кеңес мүшелері – 9 

Күн тәртібінде:

  1. 2018 – 2019 оқу жылының қорытындысы туралы


Тыңдалды:

     Мектеп директоры  Д.Р.Адилов күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алып, аудандық білім бөлімінің №205/1-н/қ бұйрығына негізделе шыққан                            2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы мектептің                       №47/1 бұйрығымен таныстырды. Мемлекеттік білім стандарты  талаптарының пәндер бойынша орындалу қорытындысы, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау туралы, ҰБТ-ға дайындық барысы, сынамалы тесттер талдауы бойынша есеп берілді.

     Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Кабанбаева сөз алып, 2018-2019 оқу жылының 4 тоқсан бойынша үлгерім және білім сапасын айтып өтті. 4 тоқсан басында 314 оқушы бастап,  313 оқушы аяқтады.  1 оқушы кетті. 1 оқушы Халық Арай 3а сынып оқушысы үйден оқиды. 1 сыныптар                       4 тоқсанда қорытылды.  4 тоқсан бойынша білім сапасы 56,2% көрсетті.                          2 тоқсанда 50,2% білім сапасын көрсетті.  Мектеп бойынша  4 тоқсанда 48  үздік, 128  екпінді оқушылар бар екендігін айтып өтті.  Әр сыныптардың 4 тоқсан бойынша үлгерім мен білім сапасына жекеше тоқталып есеп берді. 4 тоқсан қорытындысы бойынша 1-4 сыныптарда ең жоғары сапа  2а сыныбы 68%, Сынып жетекшісі Т.А.Самылтыров,   ең төмен сапа 4а сыныбы 50%,  сынып жетекшісі Т.М.Рахымжанова 5-9 сыныптар арасында ең жоғары сапа 53%                      6б сыныбы Агайдарова Ж.Б, ең төмен сапа 39% 8ә  сынып, жетекшісі Г.М.Талғарбаева  10 сыныптың білім сапасы 76%, 11 сыныптың білім сапасы 66% көрсетті. Оқушылардың білімдерін жоғарылату мақсатында сынып жетекшілер ата-аналардың сабаққа жиі қатысуын қадағалау, ынтымақтастықты жандандыру керектігі айтылды. Пәндер бойынша пән мұғалімдері оқушыларға                            жекелей тапсырмалар бере отырып өз пәндері бойынша білім сапасын                      жақсарту керектігін айтты.

      Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар С.К.Аиткабылов сөз алып, Аудандық білім бөлімінің № 361-н/қ бұйрығына негізделе шыққан                          2019 жылғы жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы мектептің №73/1 бұйрығымен таныстырды. Мектептегі 1-10 сынып аралығындағы 313 оқушының 298 жазғы демалысқа тартылғанын айтты. Қала сыртындағы «Қарлығаш» спорттық-сауықтыру лагерінде 12 оқушы – оның ішінде 1 оқушы мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымының демеушілігінен, 3 жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен, 8 ата-ана демеушілігімен демалады. Мектеп жанындағы «Балдәурен» сауықтыру лагерінде 4 аусымда бастауыш сыныптан  150 оқушы, «Тілдік-профильдік» лагерьде                 15 оқушы, әскери-палаткалы лагерьде  17 оқушы, Мектеп жанындағы спорт алаңына 47 оқушы, жас орманшылар бригадасында 20 оқушы, көгалдандыру бригадасында 25 оқушы еңбекпен қамтылғандығы туралы айтты. Сонымен бірге лагерьге жауапты ұстаздарды атап, жинақталуға тиіс іс-құжаттар тізімімен таныстырып өтті. Барлық сынып жетекшілерге оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері бойынша түсындыру жұмыстарын мұқият жүргізілуі ескертілді.


Қаулы етті:

  1.     Аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 02 сәуірдегі №2015/1 бұйрығына негізделіп, бастауыш, орта, жоғары буын оқушыларына қорытынды аттестаттау өткізілсін.
  2.     Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша құрылған іс-шаралар жоспары бекітілсін.




Қамқоршылар кеңесінің төрағасы                            Ж.Д.Керимбеков

Хатшы                                                                          К.Б.Мырзабаева

Похожие публикации:

25 февраль 2019 № 02 Х А Т Т А М А С Ы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив