№ 03 Х А Т Т А М А С Ы
Панфилов ауданының «Е.Сыпатаев
атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналыдық мемлекеттік мекемесі
2019 жылдың 18 наурызда өткізілген қамқоршылық кеңесі отырысының
№ 03 Х А Т Т А М А С Ы
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі – 4
Кеңес мүшелері – 9
Күн тәртібінде:
- Мектеп айналасын абаттандыруды ұйымдастыру.
- Мектеп ғимаратында өрт қаупі туындаған кезде жедел шығу жолдары (эвакуация).
Тыңдалды:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар С.К.Аиткабылов сөз алып, 2018-2019 оқу жылының қамқоршылық кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп аумағын абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау мақсатында дәстүрлі күзгі экологиялық айлық басталған болатын.
Осы экологиялық айлықты өткізу шеңберінде мектеп аумағын абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау бойынша мектеп айналасын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында мектебімізде сенбілік ұйымдастырылуда.
АӘД жетекшісі А.Т.Бокамбаев сөз алып, мектептегі өрт-техникалық қауіпсіздігі мен еңбек қорғау мәселесі бойынша мектеп ғиамаратындағы өрт қауіпсіздігі жағдайындағы жедел шығу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы айтып өтті. Мектеп оқушылары арасында сынып жетекшілері өрт қауіпсіздігі туралы арнайы тәрбие сағаттарын ұйымдастырады. Жедел шығу жаттығулары жыл сайын өткізілетіндігін айтып өтті. Сонымен қатар ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлескен түрде барлық шығу жолдар көрсетіліп, таныстырылды.
Қаулы етті:
1. Мектептің барлық сыныптарда жедел шығу жұмыстары бойынша оқу-жаттығу жылына 2 рет ұйымдастырылу ұсынылды. 1-кезең қыркүйек айында, 2 рет наурызда.
2. Ата-аналар жиналысында өрт қауіпсіздігіне байланысты дәрістер оқылып, ата-аналарға таныстырылсын.
3. Мектеп айналасын абаттандыру жұмыстары жалғастырылсын.
Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ж.Д.Керимбеков
Хатшы К.Б.Мырзабаева